«Жамбыл атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектеп»ММ

 

Тақырыбы: «Адалдық пен парасаттылық»

 

 

Сынып жетекші: Утемисова М

Күні: 06.11.2019ж

Сынып: 2

Түрі: сынып сағаты

 

 

Академиялық адалдық және парасаттылық.

Мақсаты:оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  • адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;
  • оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;
  • оқушыларды адалдыққа,әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу;

 

Барысы:

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам    өзіне  де,   өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез -келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

 

 

 

Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң ол жаудың қолбашысына:

 

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасшы.

-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

 

 

 

Парасаттылық[1] – адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.

 

 

 

.