Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш  мектебі бойынша  «Қамқоршылық кеңесінің»   атқарған жұмысының есебі

2017-2018 оқу жылы

 

Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебінде 2017-2018 оқу жылының 6 қараша күні қамқоршылық кеңесі құрылып бекітілді. Мектеп меңгерушісі, мектеп психолігі,әлеуметтік педагог қатынасқан бірінші отырыс болып өтті. Мектеп  меңгерушісі С.Калиева ҚР Білім және ғылым министірлігінің  2017 жылғы 27 шілдесіндегі №355 бұйрығымен таныстырып өтті, бұйрық талданды. Қамқоршылық кеңестің төрайымы ретінде  Бөбекжай «Құлыншақ» бала-бақшасының әдіскері Ғ.Есенгенжина ,  қамқоршылық кеңестің хатшысы болып ата-ана комитетінің мүшесі Б.Аманжолова сайланды. Жаңа жылдық «әкім шыршасына» әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларынан жетім Өтеш Жансаяны ұсынды. Ұсыныс қабылданып, директордың бұйрығымен осы оқушы әкім шыршасына қатысты. 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында өткен «Қамқорлық» акциясы кезінде берілген демеушілік көмекті үлестіру кезінде «Қамқоршылық кеңес» бірінші ретте толықтай қамқорлықтағы және жартылай жетім оқушыларды қамту қажеттігі жайлы ұсыныс білдірді.  Жоспарлы жұмыстар жалғасын табады.