8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анам үшін мақтанам» атты апталық жоспары жасақталып сыныптар арасында «Мереке құтты болсын –Маматайым!», «Жырлаймын ана өзіңді!», «Әлемді әлдилеген аналар!», «Ананың ыстық әлақаны!», «Ана өмірдің гүлі!», «Сыйынар ем ана деген тәңірге!» атты тәрбие сағаттары өтті.
Бұл тәрбие сағатында балаларға 8-наурыз туралы түсінік беріп, анаға деген бала махаббатын ояту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Балаларды мейірімділікке, аналарының еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүіспеншілікке тәрбиелеу жөнінде айтылып өтті. Шараға әжелер, аналар қатынасып балаларының өнерлерін тамашалап жақсы тілектерін айтып, баталарын берді. «Ұлттық тәрбие» бағыты бойынша «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты апталық жоспары жасақталып бекітілді. Жыл сайын елімізде мемлекеттік мереке Наурыз мейрамы тойланады. Наурыз мейрамы –көктемгі күн мен түн теңесетін күнге сай келетін көне мереке сондай-ақ табиғат жаңаруының нышаны болып келеді. Сыныптар арасында «Қош келдің әз наурыз!», «Наурыз-құт, береке!», «Армысың – Әз Наурыз!», «Наурыз –жыл басы», « Наурыз берекем, наурыз мерекем!», атты тәрбие сағаттары өтіп 20 наурыз күні ата-анамен бірлескен мектепішілік«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие шарасы болып өтті, бұл шарада әр сынып рухани жаңғыру аясында салт-дәстүрге байланысты Жарапазан, Шашу шашу, Бесікке салу, Тұсаукесу, Құлақ тесу, Аша майға отырғызу сияқты көріністер көрсетілді. Шара соңы сазды бағдарламаға ұласып оқушылар «Наурыз Көктем» , «Туған жер», «Қош келдің- Жаңа-жыл» әндерін орындап қазағымыздың ұлттық биі «Қамажай» биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Келген қонақтарымызға Наурыз көже таратылып Қыдыр Ата батасын берді.






















